13 Қаң 2021
Страницы Подстепновская казахская СОШ

Басшылық

Сыхов Марат Толеуович

Сыхов Марат Толеуович, 1964 жылы 23 қазанда БҚО, Жымпиты ауданы, Тоғанас ауылында дүниеге келдген. 1971 жылы Қалдығайты орта мектебіне 1-ші сыныпқа барып, осы мектепті 1981 жылы аяқтады. 1981-1982 жылдары «Восход» астық совхозында малшының көмекшісі болып жұмыс жасап жүріп, 1982 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының география-жаратылыстану факультетінің география-биология мамандығы бойынша оқуға түсті. Осы институт қабырғасында оқып жүріп, 1983-1985 жылдары Совет армиясы қатарында болды. 1989 жылы институтты бітіргеннен кейін 1996 жылға дейін Ақжайық ауданы, Қандық негізгі мектебінде география пәнінің мұғалімі және директордың орынбасары, директор қызметін атқарған.

1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде география пәнінің мұғалімі және мектеп орынбасары, мектеп директордың міндетін атқарушы болып жұмыс атқарып келеді.

Жаңалықтар