13 Қаң 2021
Страницы Подстепновская казахская СОШ

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:
Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс жасауын қамтамасыз ету, бірін-бірі әділ бағалау арқылы  білім сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Кері байланыс арқылы оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға әсер ету.
Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту.
Оқушының жеке тұлғасын,оның рухани әлемін,қабілеті мен ынтасын дамыту мақсатында өз бетімен ізденіп білім алуға,өз бетімен алған білімін өмірде пайдалануға дағдыландыру.
Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және мектеп жасындағы білім алушылардың Қазақстан Республикасы азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін - өзі танытуларының әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби интеллектуалды, әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Міндеттері:

ҚР Білім туралы заңын жүзеге асыру.

ҚР білім беру стандартына сәйкес білім беру.
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ашу үшін жағдай жасау. 
Жеке тұлғаны дамыту.
Әлеуметтік және жеке мәдени құндылықтарды қалыптастыру.
Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Шыдамдылыққа және сыни көзқарасқа тәрбиелеу.
Өзінің дамуын қамтамасыз ету.
Оқушылардың  өз бетімен  білім алу дағдысын  одан әрі жалғастыру.
Заман талабына сай  оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі – ҰБТ - ге дайындықты нығайту.
Оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап, әр мұғалімнің психологиялық –   педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.
Мемлекеттік тіл мен әлемдік тілдерді жоғары дәрежеде игеруге, ұлттық және әлемдік  мәдениетті зерттеп игеруге тәрбиелеу;
Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі үшін танымдық қызығушылықты дамыту; шығармашылығын қалыптастыру, білімге икемділігін арттыру, бейімділігін көрсету;
Тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру арқылы 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуге дайындалу.

Мұғалімдер үшін күтілетін нәтиже:

Мектепте деңгейлік курстан өткен мұғалімдермен іс - тәжірибе алмасылады.

Оқытудың жаңа әдістері мен бағалаудың жаңа түрін тәжірибеге енгізіледі.
Мектепте жайлы қарым-қатынас ортасы қалыптасады,пән мұғалімдері сабақтарында зерттеу әдістерін жүргізе алады
Шығармашылық топпен ортақ проблема бөлісіп, желі арқылы қарым-қатынас жасалады,іс-тәжірибе таратылады.
Оқушыларға оқыту әдістерін жақсарту үшін қолайлы жағдай жасайды, оқу үлгеріміне ықпал ете алады.   
 
Оқушылар үшін күтілетін нәтиже:
Алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдалана  алады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады;
Оқу үрдісінде,сабақтан тыс уақытта оқушылардың белсенділігі артады.
Топтық жұмыстар арқылы бір-бірін әділ бағалауды
 
Жаңалықтар