14 Қаң 2021
Страницы Подстепновская казахская СОШ

«Жас Ұлан – бірлескен тәрбиелеу құралы»

Анықтама

Мектеп Парламенті мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Президентін сайлау жөніндегі ақпарат

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 18:00-ға дейін «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөсіпірімдер ұйымының басшысын сайлауы өткізілді. Мектеп қабырғасында білім мен тәрбие алып қана қоймай, өз-өзіңді тәрбиелеуді, өзгелермен  бірігіп, мектептің түрлі бағыттағы әлеуметтік жобалары мен қоғамдық шараларын ұйымдастыру. 

Сайлауға үш үміткер түсті. Олар 8а сынып оқушысы Жасыбек Томирис, 8б сынып оқушысы Қуанышқалиева Гүлназ, 9а сынып оқушысы Аман Ислам.

Үміткерлер туралы ақпарат дәлізде стенд болып жасақталынды. Сайлауға 5-11 сынып оқушылары және мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы қатысты. Сайлауға арнайы бюллетень жасалып, комиссия кезекшілігі құрылды.

Сайлауда дауыс беруге қатысу керек 5-11 сыныптардағы оқушылар саны – 460. Дауыс беруге қатысқан оқушылар саны – 321, қатысқан ұстаздар саны – 69. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3.

Сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 9а сынып оқушысы «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Аман Ислам 213 дауыспен жеңіп шықты. Жасыбек Томирис 137 дауыс жинаса, Қуанышқалиева Гүлназ 37 дауыс жинады.

 Алдағы уақытта Мектеп Парламентінің фракция жетекшілерін сайлап, жүйелі жұмыс жасайды деген сенім білдіремін.

 

Орындаған: тәлімгер Н.Р.Ихсанова


«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы

Ихсанова Нұргүл Рамазанқызы

Теректі ауданы

Подстепный қазақ ЖОББМ тәлімгері

«Жас Ұлан – бірлескен тәрбиелеу құралы»

Еліміз Тәуелсіздік алғалы түрлі жастар ұйымдары құрылып, әр алуан істер атқарған болатын. Осыдан тура 6 жыл бұрын еліміздің барлық мектептерінде Елбасымыздың бастамасымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы өз жұмысын бастады.

"Жас ұлан" – өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым.

Мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық сезімді ұялату. Еліміздегі барлық бала осынау белсенді топтың қатарына енуге талпынады.

Ұйымның өзінің жоғарыдан бекітілген мақсаты мен міндеттері бар. Сол тұжырымдамаға сүйене отырып, 7 бағыты анықталды. Мектептің жалпы тәрбие бағыттары болатын болса, дәл сондай ұйымның өзіндік 7 бағыты бар. Олар: танымдық, рухани-адамгершілік, патриоттық, салауатты өмір салты, еңбексүйгіштік, құқықтық және экологиялық. Ұйымның әр жұмысы осы жеті бағытта жұмыс жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, «Жас Ұлан – бірлескен тәрбиелеу құралы» деп атауға әбден болады. Бүгінгі тақырыптың өзегі де осы.

Осы уақытқа дейін балалар әлемінде талай игілікті істер атқарған Жасұландықтар талай жетістіктерге жетті десек, артық айтпағанымыз болар. 

Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына «Жас Ұлан» ұйымының түрлі қоғамдық-көпшілік жұмыстарының ықпалы зор.

Бүгінгі таңдағы әлемдік білім беру жүйесі өзінің жылдам өзгеруімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Ал білім беру жүйесіндегі жаңалықтың негізі – әрбір білім алушыны жеке тұлға ретінде қабылдай отырып, оның тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, оларды болашақ өмірдегі бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу.

Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық-психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие дегеніміз еш уақытта ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, әр кездің талабына сай лайықты жетіліп отыратын үзіліссіз құбылыс.

Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін икемдеп қоймай, оқушының білімнен өзге неге қабілеттілігін анықтайды.

Анығырақ айтқанда, Елбасының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жүзеге асыруға арнайы іс-шаралар жоспары жасалып оқушылар арасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

«Жас ұлан» ұйымына жыл сайын дәстүрлі түрде желтоқсан айында қабылдау рәсімі өткізіледі. Бұл күн – барша Жас Ұландықтар үшін өздерінің тойлайтын мерекесіне айналды десек артық етпес. Ұйымға өткен оқушыларымыз мектептің қазіргі мақтанышы болып, мәдениет, спорт, білім, өнер сайыстарында өздерін шыңдап, жетістіктерін көрсетуде. Жас Ұландықтармен бірге өткізілген іс-шаралар оқушылардың жұмыстарына бағыт-бағдар беру болады. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана оқушылармен жұмыстың тиімділігі артатыны белгілі.

Жаңалықтар